Д.Назарбаева: Шағын комплектілі мектептердегі білім сапасы әлі күнге дейін төмен деңгейде
Шағын комплектілі мектептердегі білім сапасы әлі күнге дейін төмен деңгейде. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева осындай пікір білдірді.
«Шағын комплектілі мектептердің өзекті мәселесі – педагогтарды қайта даярлау мен білім сапасы. Педагогтар ерекше маманданып, түрлі сынып оқушыларына білім бере білуі тиіс. Бүгінгі күні барлық осындай мектептер сапалы білім беру жағынан ақсап тұр», - деді Назарбаева.
Комитет төрайымы бүгінде елімізде осындай мектептердің мәселесі аса өзекті екенін атап өтті.
«Мұндай мектептердің үлесі қазірде 56,6%-ды құрайды. Елді мекендерде білім мекемесіне қолжетімділік радиусы үш километрден басталады. Ресейде ол , мәселен, бес жүз метр шамасында. Бірақ Қазақстанда бұл норматив те барлық жерде орындала бермейді. Әрине, бұл мектептердің жарақтандырылуы өзге білім ошақтарына қарағанда төмен. Айталық, мұғалімдер қысқа уақытта мектептердің суықтығына шағымданады», - деді Назарбаева.




