Қырғызстанда Н.Назарбаев атындағы мектеп салынады
1 ақпан 2013
Қырғызстанның Ош облысында Н.Назарбаев атындағы мектеп салынатын болды. Бұл жайында ел парламентінің қолданыстағы заңға енгізген түзетуді мақұлдағаннан кейін мәлім болды.
Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Жогорку Кеңеш депутаттары «ҚР «Суармалы егістік жерлерін өзге нысандағы жерлерге алмастыруға моратории жариялау туралы» Заңына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Енді аталмыш заң жобасына сәйкес, Ош облысының Қара-суу ауданындағы 6 гектар жерге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мектеп салынбақ. Сонымен қатар, «Ош» халықаралық әуежайының ғимараты да жаңартудан өтетін болады, ұшу жолағы кеңейтілмек. Ол үшін Нариман айылдық округінен 7 гектар жер бөлінеді.
baq.kz




