2012 жылы білім жүйесіне бөлінген қаржы 1,3 трлн теңгеден асып жығылады
2012 жылы білім жүйесіне бөлінген қаржы 1,3 трлн теңгеден асып жығылды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Білім бағдарламасын іске асырудың екінші жылы аяқталды. Өткен жылы көптеген жаңарулар болды. Бірқатар маңызды жетістіктерге қол жеткіздік. Қырықтан астам түбегейлі жаңа механизмдерді енгіздік. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде айтарлықтай алға жылжыдық. 14 көрсеткіштің 11-і бойынша маңызды өсуге қол жеткізілді. Алға қойылған барлық міндеттер орындалды», - деп атап өтті министр. Оның айтуынша, білім саласына бөлінетін қаржы жыл сайын өсіп келеді. «2012 жылы білім саласының бюджеті 1,3 трлн теңгеден асып жығылды. Бұл жалпы ішкі өнімнің 5%-ы шамасында. Екі жылдағы өсім 1,6 %-ды құрап отыр», - деді Бақытжан Жұмағұлов.
bnews.kz




