«Талдаушы-2012» байқауы
Еуразиялық банк республиканың батыс аймағындағы студентер арасында «Талдаушы-2012» байқауын жариялады.
Ол банктің жастар саясаты бастамасымен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығындағы «Future 25» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр. Оған 2-4 курс студенттері мен 2012 жылғы түлектерден 11 қарашаға дейін өтініштер қабылданады. Студенттік және жастар ұйымдарының өкілдерінен құрпалған команда мүшелері 4-6 адамдан болуы қажет. Зерттеу міндеттерінде бірінші команда таңдап алған индустриядағы шағын, орта және корпоративтік бизнес қызметінің ерекшелігіне зерттеу жүргізуі керек. Ал екіншісі, бәсекелестердің өнімдер желісіне талдау жүргізуі, үшіншісі жаңа идеялар мен тұжырымдар іздеп, ұсынуы тиіс.
Жобалардың таныстырылымы мен жеңімпаздарды анықтау 5 желтоқсанда Ақтөбе қаласында өтеді. Онда үздік үштікке енгендерге 200 мың, 150 мың және 75 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.
ҚазАқпарат




