Салалық аэрокосмостық мектебі өтуде

7 қараша 2012

Осы айдың басынан бастап 11 қарашаға дейін  Байқоңыр қаласындағы Халықаралық ғарыш мектебінде (ХҒМ) «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының күзгі салалық аэрокосмостық мектебі өтуде.

Салалық аэрокосмостық мектебінің бірінші жазғы маусымына (маусым айында) Маңғыстау, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан барлығы 100-ден астам оқушы қатысқан болатын.

Күзгі оқу демалысы кезінде Байқоңыр қаласына Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан сондай-ақ 100-ден аса бала келді.

Салалық аэрокосмостық мектептің негізгі мақсаты - ақпараттық және ғарыш ғылымы саласындағы дарынды балаларды анықтап, қолдау білдіру, оқушылардың ғылыми-зерттеулерге қызығушылығын арттыру, отандық және әлемдік ғарыш саласындағы жетістіктерді насихаттау.

ҚазАқпарат

Ілгері Көрушілер саны: 724