Он екі жылдық білім мәселелері қаралды
Оралда 26 қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Білім берудің 12-жылдық моделіне көшу жағдайында баланы мектептегі оқуға даярлауды қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өткізілді.
Оған еліміздің барлық 16 аймағынан өкілдер қатысты.
Жиында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қазіргі заманғы білім беру саясаты туралы «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы директоры міндетін атқарушы Мәриям Теңебаева баяндама жасады.
Аталмыш семинарда және үш секцияда да қатысушылар білім берудің 12-жылдық моделіне көшу жағдайында баланы мектептегі оқуға даярлауды қамтамасыз ету мәселелері және болашағын талқылап, «Балапан» бағдарламасының іске асуын саралап, сәйкесінше нұсқаулар қабылдады.
Казинформ




