Диагностиканың жылдамдық құралдары құрастыратын болды

26 қыркүйек 2012

Павлодарда өткен Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының ІХ аймақаралық Форумы күндері қазақстандық және ресейлік ғалымдардың «Вирустық және бактеорологиялық індеттерді анықтау үшін жылдамдық амплификаторды құру» атты жобасы табысты ұсынылды.

Бұл туралы Павлодар педагогикалық институтының баспасөз қызметінен хабарлады.

Оны Александр Мягков пен Дмитрий Фомин (Томск қаласындағы климаттық және эколгиялық жүйелер мониторингі институты), Юрий Хрипко (Новосібірдегі «Вектор» федералдық ғылыми орталығы) және Ербол Исақаев (Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты) құрды.

Ғалымдар түрді жұқпалы індеттерді диагностикалау және және азық-түлік пен шикізат құрамында гендік үлгіге айналдырылған құрамдарын анықтау үшін жаңа технология мен жабдықтарды өңдеп шығарды.

Бұл жобаны ресейлік және қазақстандық мамандар жоғары бағалады. Оның іске асырылуы басталып та кетті - келісімшартқа қол қойылып, жұмыс тобы құрылды. Мамандар екі жыл бойы ПМПИ-да құралдарды өңдеуге қатысады.

ҚазАқпарат

Ілгері Көрушілер саны: 688