Сауаттылықты дамыту

21 қыркүйек 2012

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-шаралар жоспары оқушылардың функционалдық  сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін қамтиды, деп хабарлады pm.kz сайты.
Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауымен жүктелген міндетке сәйкес,  елімізде Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі бесжылдық ұлттық жоспар  қабылданды.

Елбасының  «Қазақстанның әлеуметтік  жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам»  бағдарламалық   мақаласының   талаптары аясында  Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың маңызы зор.
Ұлттық  жоспардың мақсаты -  Қазақстан Республикасында білімнің сапасын жетілдіру  үшін негізгі бағдар ретінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимылдардың  тұтастығын және  жүйелігін қамтамасыз  ету.

Ілгері Көрушілер саны: 799