Қазақстан-Корей Ғылыми-техникалық паркі құрылады

21 қыркүйек 2012

Алдағы уақытта Назарбаев Университеті жанындағы Ғылыми-техникалық паркі Қазақстан-Корея технологиялық ынтымақтастық орталығының көмегімен құрылады.
Бұл жайында таяуда Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак мәлім етті.
«Мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту тұрғысында біз технология алмасу  саласында және өткен жылдың тамызында құрылған Қазақстан-Корея технологиялық ынтымақтастық орталығының көмегімен Назарбаев Университеті жанындағы Ғылыми-техникалық паркін құру бойынша жобаны іске асыруда өзара іс-қимыл жасауға келістік», - деп атап өтті Корея Республикасының басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Президентімен кездесу барысында денсаулық сақтау, радиотехника салаларында ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді қарастыру талқыланғанын айтты.

Ілгері Көрушілер саны: 692