Қазақстанның жұмыс істейтін жастары жоғары оқу орнына түсерде жеңілдіктерге ие болады
1 қазан 2012
Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері, сондай-ақ өндірісте тәжірибесі бар жастар жоғары оқу орнына түсерде жеңілдіктерге ие болады.
1tv.kz сайтының тілшісі хабарлағандай, бұл туралы республикалық жастар ұйымдарының басшыларымен болған кездесуде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлімдеді. «Қазір біз бұл мәселені министрлікте шешіп жатырмыз. Жақын уақытта бұл бастамадан барлықтарыңыз хабардар боласыздар деп ойлаймын», - деді ол.
Источник: 1tv.kz




