2012 жылы қазақстандық жастарды қолдауға миллиардтан астам теңге бөлінді
Қазақстанда жастар саясатын жүзеге асыруға миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл жөнінде бүгін 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын талқылау бойынша республикалық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен өткен отырыста ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлімдеді.
1tv.kz тілшісінің хабарлауынша, Ғалымова атап өткендей, мемлекет бөлген қаржы 2010 жылмен салыстырғанда, 75 пайызға көп.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Үкіметке ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты туралы тұжырымдаманың жобасын ұсыну туралы тапсырма берді. Заңнаманы Парламентте қарастыру кезінде Мәжіліс депутаттары 127 түзету енгізуді ұсынды. Заң жобасында жас маманның құқықтық мәртебесін анықтау қарастырылған. Жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға тарту, индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру шаралары да әзірленуде.
Источник: 1tv.kz




