Қазақстанда талапкерлер мемлекеттік грант байқауына құжаттарын тапсыруды бастады
24 шілде 2012
23 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының талапкерлері таңдаған жоғары оқу орындарына түсу үшін мемлекеттік грантты иеленуге құжат тапсыруды бастайды.
"Қазақпарат" хабарлағандай, 2012 жылы талапкерлерге 35 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінді. Гранттан ҰБТ нәтижесі бойынша 50-ден жоғары балл жинаған түлектер үміт күте алады.
Айта кетейік, мемлекеттік грант байқауына құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады.
Источник: news.nur.kz




