Ресей студенттері қазақша үйреніп жатыр

18 шілде 2012

ҚазАқпарат - Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде қазақ тілінің оқытылып жатқанына он жылға таяды.

Осы уақыттың ішінде ресейлік студенттер қазақтың тілін оқып, дәстүрі мен тарихын көңіліне тоқыды, деп хабарлайды «Қазақстан» телеарнасы.

Биыл қазақ бөлімінде білім алып, тіл ұстартып шыққан ресейлік студенттердің екінші қарлығаштарына диплом табысталды.

 Өз еріктерімен қазақшаға ден қойған студенттер, бес жылдың ішінде ана тілімізді бір кісідей біліп алған.

Тілді үйренуге ниет пен жүрек қалауы керек. Өзгенің бәрі құр сылтау. Ресейде жүріп-ақ қазақша тіл сындырған өзге ұлт өкілдерінің, Қазақстандағы мемлекеттік тілді білмейтін, келешекте үйренгісі келетін жұртқа айтары осы.

Истчоник: www.inform.kz

Ілгері Көрушілер саны: 644