Прокуратура ҰБТ-да түлектерді тексеру заңдылығын тексермек

18 шілде 2012

ҰБТ кезінде абитуриенттерді тексеруге арналған шымылдықтардың заңдылыңын прокуратура анықтайтын болады.

Бұл туралы ҚР Ішкі әстер министрлігінің ресми өкілі Нұрдәлді Ораз журналистермен болған баспасөз мәслихаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда ІІМ Бас прокуратураға өзінің хатын жіберіп отыр, яғни осы ҰБТ өткен кезде нұсқама ішінде тексеруден өткізу пункттерін қарастырдық. Сол тексеру пункттерінде шымылдық қою туралы, сонымен қатар ер балаларды ер адамдар тексеруі керек, қыз балаларды әйел адамдар тексеруі тиіс деген пункттер бар. Ширма қою, жабық түрде тексеру орындарын қою заңға қаншалықты сәйкес келетіндігін қазір прокуратура анықтайтын болады", - деді Н.Ораз.

Источник: news.nur.kz

Ілгері Көрушілер саны: 561