Биылғы жылы барлық колледж түлектері кешенді тестілеу тапсырады

23 мамыр 2012

Алматыда «Білім саласының ең өзекті мәселелері» атты тақырыпта баспасөз конференциясы өтті. Оған ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Р.А. Алшанов, кәсіби, техникалық және орта білімнен кейінгі мәселелер бойынша кеңесші А. И. Самаренко қатысты.

Бұл жиында 2012 жылдан бастап жоғары оқу орындарына түскісі келетін барлық колледж түлектерінің кешенді тестілеу тапсыратынына байланысты оның төңірегіндегі өзекті мәселелер көтерілді. 2003-2004 жылдары елімізде колледж саны 357 болса, 2011-2012 жылдары 494-ке өсіп, ондағы оқитындар саны 250,9 мыңнан 491,7 мыңға дейін өскен. «Қазіргі таңда колледждерде революциялық жағдай орын алуда. Ондағы оқитындар саны соңғы сегіз жылда 137 мыңға жетіпті. Бұл үш-төрт себептен туындап отыр. Біріншісі, олар ҰБТ тапсырмайды, екіншісі, колледждерде оқу құны 45-90 мыңға дейін болса, жоғары оқу орындарында 270-450 мыңға дейін. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін бұл ыңғайлы. Үшіншісі, колледж түлектері аттап өтеді, яғни қызыл дипломмен бітіргендері 3 курсқа түссе, ал қалғандары 2 курсқа түседі. Төртіншіден, кейбір ата-аналар балаларының ертерек қолғабыс болғандарын қалайды. Көптеген колледж түлектері өндіріске барып, жұмыс істеп жүр. Осындай артықшылықтары болып келді. Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша 137 мың түлектің 100 мыңы жоғары оқу орнына түседі екен. Колледжге 9 сыныпты бітіріп түскендер министрліктің ұзақ уақыт талқылауынан кейін тестілеуді бөлек тап-сыратын болды, яғни олардың мектеп және колледжде оқыған бағдарламалары тест маз-мұнында ескеріледі, көлемі де басқа», — дейді Рахман Алшанұлы. Сонымен, биылғы жылдан бастап барлық колледж түлектері, оның ішінде үздік дипломмен бітіргендері де кешенді тестілеу тапсыратын болды.
 

Ілгері Көрушілер саны: 545