«Білім және мансап-2012» Қазақстандық халықаралық көрме өтті

7 мамыр 2012

Алматы қаласында сәуірдің 18-20 күндер аралығында Атакент іскерлік орталығында 13-ші «Білім және мансап-2012» атты қазақстандық халықаралық көрме өтті Аталмыш іс шараны Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырды. Аталмыш шарада шетел мен қазақстан ғылым мен білім мамандары қатысты. Сонымен қатар, көрмеде республикамыздың жоғары оқу орындары мен колледждері және шет елдің 120-дан астам білім мекемелері болды. Атап айтатын болсақ, Қытай, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Малайзия, Польша, Ресей, Түркия, Швейцария сынды елдердің өкілдері өз тәжірбиелерімен бөлісті. Білім мен ғылымға қосар үлесі мол халықаралық көрме үш күн бойы жалғасты.

Білім саласына қатысты шара 13 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған қатысушылардың саны да уақыт өткен сайын өсіп отыр.  Мысалы, өткен 2011 жылмен салыстырғанда биыл көрмеге қатысушылардың саны 30 пайызға артқан. 

Қазақстан Республикасы ұйымдастырып отырған халықаралық шара білім және ғылым саласында маңызды роль атқарады. Себебі, осы көрме арқылы еліміз және алыс-жақын шет елдердің жоғары оқу орындары өздерінің тәжірбиелерімен бөлісуге зор мүмкіндік алып отыр. Жиынға келген әр ел өздерінің оқу барысында қолданылатын заманауи оқу технологиялары мен жаңа оқу бағдарламаларын және оқу құралдарын ұсынғанын айта кеткен  жөн. Сонымен қатар, аталмыш шара барысында отандық және шет ел жоғары оқу орындары өздерінің инновациялық бағдарламаларын көрсетті. Жиналған қауымға дүние жүзіне мәлім алдыңғы қатарлы шетел компаниялары өз оқу құрал жабдықтарын таныстырды. Айта кететін тағы бір жайт, биыл жоғары оқу орындарындағы ақпараттарды басқаратын аппарат бағдарламасын жасап аяқтаған CAMRAD компаниясы аталмыш шараға тұңғыш рет қатысып отыр. Жалпы, айдаһар жылында ұйымдастырылған халықаралық көрменің қазақстандықтар үшін әкелген жаңалығы мол болды. Оның ішінде Қазақстанда өткен халықаралық шараға Латвия елінен 18, ал Оңтүстік Кореядан 23 білім беру мекемесі биыл бірінші рет қатысты. Көрме барысында Корея елі жастар үшін арнайы грант пен оқу бағдарламаларын ұсынды. Халықаралық деңгейдегі көрме аясында Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен шет елдің білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатылды. Жалпы, көрменің басты мақсаты жастарды шетел білім беру мекемелерімен етене таныстыру болатын. Көрме жоғары деңгейде өтті десе болады.

Ілгері Көрушілер саны: 595