ҚР Білім және ғылым министрінің Бухарестке жұмыс сапары
Бухарестке жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов бірқатар еуропа елдерінің білім беру ведомстволарының басшыларымен кездесіп, Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің Білім министрлерінің ІІІ Конференциясына қатысты.
Б.Жұмағұлов Румынияның Білім беру, зерттеу, жастар және спорт министрі Каталин Овидиу Бабамен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
.jpg)
.jpg)
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Финляндия Республикасының білім министрі Юкка Густафссонмен болған кездесуде еуропалық білім беру жүйесін дамыту мәселесін талқылады.

Министр Б.Жұмағұлов бұл күні сондай-ақ Ирландияның білім министрі Рори Куиннмен кездесті.

27 сәуір күні Бухаресте Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің Білім министрлерінің ІІІ Конференциясы өтті.


pm.kz




