Білім министрінің Румынияға жұмыс сапары аяқталды
Бүгін білім министрі Бақытжан Жұмағұловтың Румынияға жұмыс сапары аяқталды. Бұған дейін хабарлағандай, министр Бухарест қаласында өткен Болон процесіне қатысушы елдердің білім министрлерінің ІІІ конференциясына қатысты, Еуропалық жоғары білім кеңістігі елдерінің білім министрлерімен кездесулер өткізді.
Бақытжан Жұмағұлов бүгін Польша Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Барбара Кудрыцкамен және Италияның білім министрі Францеско Профумомен кездесті. Шетелдік әріптестермен болған кездесу барысында білім беруді дамыту, академиялық ұтқырлық, студенттермен және оқытушылармен алмасу сияқты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Поляк әріптесімен Б.Жұмағұлов Қазақстан мен Польшаның арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы на қол қоюдың мерзімін талқылады.
Сапар соңында Б.Жұмағұлов Румынияның ірі жоғары оқу орындарының бір - Бухарест Политехникалық университетінде болды және білім беру қызметтерін ұсынатын «Сивеко» компаниясының қызметімен танысты, сондай-ақ тағы бірқатар білім нысандарын аралады.




