• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Пірәлиев Серік Жайлауұлы Сізді 61 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

20 қаңтар 2014

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің ректоры, профессор
С. Ж. Пірәлиев мырзаға

Қадірлі Серік Жайлауұлы!

Сізді туған күніңізбен шынайы ниеттегі ықыласпен құттықтаймын!

Білім-ғылым жолындағы елеулі еңбектеріңіз жемісті болып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын!

Сіз Елбасының сенімін ақтап, Халқымыздың дана тұлғасы – Абайдың есімімен аталатын қарашаңырақ жоғары оқу орнын абыроймен басқарып, жастардың заманға сай білім алуына барынша жағдай жасап отырған ұтқыр ұйымдастырушы, тәлімі мол ғалымсыз. Сіз біліктілігіңіздің арқасында бірнеше буын шәкірттеріңізді тәрбиелеп, тәжірибелі ғалымдар мектебін қалыптастыра білдіңіз.

Еліміздің зиялы тұлғаларының бірі ретінде Сіздің ғылым-білім саласында атқарып жүрген еңбектеріңіз Тәуелсіз мемлекетіміздің ғана емес, алыс-жақын шет елдердің ғылыми ортасында да мойындалып, лайықты бағасын алып, әр жылдары мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі түрлі құрметті атақтар мен марапаттарға лайық деп танылып келеді.

Қадірлі Серік Жайлауұлы!

Туған күніңізде Сізге ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз.

Бұл тілекке Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы құрамындағы жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары және осы салада аянбай еңбек етіп жүрген   барша ұстаздар да шын ниетпен қосылады.

Тәуелсіз Қазақстанның білім-ғылым саласын өркендету жолында атқарып жүрген жауапты қызметіңізге зор табыстар тілейміз.  Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға ырыс-береке тілеймін! Еңбегіңіз табысты бола берсн!

Құрметпен,
Қауымдастық президенті
Р. Алшанов

Ілгері