• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Масанова Жайлау Кабылбековича с 75-летним юбилеем!

13 маусым 2013

Техника ғылымдарының докторы, профессор,
Ресей федерациясының Халықаралық көлік
Академиясының академигі
МАСАНОВ Жайлау Қабылбекұлына!

Қадірлі Жайлау Қабылбекұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада еңбек етіп жүрген   барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Тәжірибесі мол ғалым, білікті ұстаз, ғылым қайраткері Сіз бірнеше буын білімді шәкірттеріңізді тәрбиелеп, тәжірибелі жас ғалымдардың өзіндік мектебін қалыптастыра білдіңіз. Сіздің көп жылғы зерттеген ғылыми жұмыстарыңыз егемен еліміздегі инновациялық ғылымды дамытуға зор септігін тигізіп келеді. Бүгінгі жеткен биік белестеріңіз шәкірттеріңіз бен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Сіз өзіңіздің біліміңіз бен біліктілігіңіздің арқасында еліміздің математика және механика саласының дамуына  ықпал етіп, халықаралық және республикалық басылымдарда 300-ден аса ғылыми еңбектердің авторы атынып, бірқатар ғалымдарымен бірлесе 8 монография жазған ғалымсыз. Жоғарғы білікті ғылыми кадрларды даярлауда үлкен үлес қосып, тікелей жетекшілігіңізбен 10 ғылым докторы,  30 ғылым кандидатын дайындадыңыз. Қазіргі уақытта Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтындағы арнайы зертханаға жетекшілік етіп, әрі М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының математика кафедрасының профессоры қызметін абыроймен атқарып келесіз.Сіздің еңбектеріңіз Тәуелсіз мемлекетіміздің ғана емес, алыс-жақын шет елдердің ғылыми ортасында да мойындалған.

Отандық ғылым-білімді өркендетудегі еңбегіңіз лайықты бағасын алып әр жылдары мемлекеттік деңгейдегі түрлі құрметті атақтар мен марапаттардың иесі атандыңыз. Сіз өзіңіздің бойыңыздағы еңбекқорлық, зеректік қасиеттердің арқасында көптеген айтулы ғылыми жобаларды іске асырып, отандық білім жүйесінің оңтайлы реформалануына атсалысып келесіз.

ҚұрметтіЖайлау Қабылбекұлы!

Бүгінгі мерейлі жасыңызға тағы да ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.

Құрметпен,
Қауымдастық президенті 
Р.  А. Алшанов

Ілгері