• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Өмірәлі Қажыбайұлы

1 желтоқсан 2012

Аса қадірлі Өмірәлі Қажыбайұлы !

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада еңбек етіп жүрген   барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Тағылымды заңгер-ғалым, тәлімді ұстаз, білікті басшы ретінде Сіз бірнеше буын білімді шәкірттеріңізді тәрбиелеп, тәжірибелі заңгерлер мектебін қалыптастыра алдыңыз.  Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұаммед Қонаев атындағы университетінің негізін қалаушылырдың бірі болып, заңгер мамандарды даярлайтын оқу орнына 1993 жылдан бері басшылық жасап келесіз. Отандық заң ғылымының өркендеуіне өзіндік үлес қосып, 50-ден астам ғылыми жарияланым мен 5 монографияның авторы атандыңыз. Заң саласының білгірі ретінде сіз кезінде Алматы қалалық Кеңесінің депутаты болып сайландыңыз. Ұзақ жылдардан бері Сіз ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат Кеңесінің мүшесі, «Заңгерлер әділетті сайлау үшін» Республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы, Қазақстан криминологтар қауымдастығының президенті қызметін де жауапкершілікпен атқарып келесіз.

Тәуелсіз Қазақстан қоғамына сіңірген ерен еңбектеріңіз мемлекет тарыпнан ескеріліп, Сіз «ҚР оқу-ағарту озаты», «Құрмет» ордені, «ҚР ғылымын өркендетудегі еңбегі үшін» белгілерімен лайықты дәрежеде марапатталғансыз. Сіз өзіңіздің бойыңыздағы еңбекқорлық, зеректік қасиеттердің арқасында көптеген қоғам дамуына қажетті заң жобаларын іске асырып, құқықтық саланың  реформалануына атсалысып келесіз.

Құрметті Өмірәлі Қажыбайұлы!

Бүгінгі мерейлі жасыңызға тағы да ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Жас ұрпақтың білімін шыңдаудан басталған еңбек жолыңыз бүгінде жемісті жалғасын тауып келеді.  Сондықтан да, Сізді өзіңізден кейінгі буынға ұлағатты үлгі көрсетіп келе жатқан зиялы тұлғалардың бірі деп бағалаймыз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз.

Құрметпен,

Қауымдастық президенті Р. Алшанов

Ілгері