• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Әбішев Әли Әжімұлын 50 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

13 қыркүйек 2012

Аса қадірлі  Әли Әжімұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 50 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада аянбай еңбек етіп жүрген   барша ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Саяси экономия» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолыңызды Гурьев қаласының (қазіргі Атарау) педагогикалық институтінде оқытушылықтан бастап, осы уақытқа дейін отандық білім саласын дамытуда талмай еңбек етіп, жаңа буыннан білікті шәкірттер тәрбиелеп, тәжірибелі педагогтер мектебін қалыптастырып келесіз.

Сіз кезінде Ленинград мемлекеттiк университеттiң экономикалық факультетiнiң аспирантурасында оқып, ғылыми дәрежеңізді де абыроймен қорғадыңыз. Бұдан соң Санкт-Петербор мемлекеттiк университетiнiң экономикалық факультетiндегi саяси экономияны мамандық бойынша докторлық диссертацияны да жоғары дәрежеде қорғап шықтыңыз.

Сондай-ақ біліктілігіңізді арттыру жолында University of Kentucky, Erazmus University,  Мемлекеттiк Мәскеу Универститеті сынды шетелдің беделді жоғары оқу орнындарында сынау мерзiмiнен ойдағыдай өттіңіз.

Бұдан кейін Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде  жемісті еңбек еттіңіз. Білім мен ғылымдағы еңбегіңіз ескеріліп Сіз Германия елі тарапынан тағайындылған DAAD стипендиясының сондай-ақ өзге де отандық, халықаралық сипаттағы жоғары марапаттарға ие болдып, бірқатар халықаралық академиялардың мүшесі атандыңыз.

2011 жылы қыркүйек айынан бері Қазақстан республикасының ЖОО-лар қауымдастығының Вице-Президентi ретінде де Қауымдастық қызметінің артуына септігін тигізіп, жоғары білім беру ісінің ілгерілеуіне атсалысып келесіз. Сіз Халықаралық Бизнес Университетінің ректоры қызметіне тағайындалған аз ғана уақыт ішінде аталған жоғары оқу орнының ғылыми көрсеткішіне серпін бере алдыңыз.  

Құрметті Әли Әжімұлы!

Бүгінгі мерейлі жасыңызға тағы да ұзақ ғұмыр тілей отырып, жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз. Өзіңізді кейінгі буынға ұлағатты үлгі көрсетіп келе жатқан зиялы тұлғалардың бірі деп бағалай отырып, Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін!

Құрметпен,

Қауымдастық президенті  Р. Алшанов

Ілгері