• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

ЕСПОЛОВА Тлектеса Исабаевича с 60-летним юбилеем!

25 маусым 2012

Аса қадірлі  Тілектес Исабайұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 60 жылдық мерейтойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада талмай еңбек етіп жүрген ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

Сіз өзіңіздің бойыңызға біткен еңбекқорлық, зеректік қасиеттердің арқасында еңбек жолыңызды 1975 жылы Қазақтың ауылшаруашылық институтында (Қаз АШИ) ассистенттік қызметтен бастадыңыз. Уақыт өте келе комсомол комитетінің хатшысы болдыңыз, кейін институт партия комитетінің мүшесі және институт қызметкерлері кәсіподағының төрағасы дәрежесіне дейін жоғарыладыңыз. Оқу мен білімді жоғары бағалаудың арқасында 1978-1981 жылдары Мәскеудегі А.Н. Костяков атындағы Бүкілодақтық Гидротехника және мелиорация Ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында тәлім алдыңыз. Ал, 1982 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне диссертацияңызды ойдағыдай  қорғап шықтыңыз. Бірнеше жыл шет жерде білім алып, елге оралғасын  Қазақ ауылшарауашылық институтының  салалық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі болып қызмет атқардыңыз. Ізденіс пен қажырлы еңбектің арқасында 1993 жылы Алматы Индустриалдық колледжінің директоры болып сайландыңыз. Кейін Алматы Индустриалды-педагогикалық академиясының ректоры қызметіне дейін жоғарыладыңыз. Бұған қоса 1997 жылы экономика ғылымдары бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғап, 2001 жылы профессор атағын алдыңыз.

Әркезде биік шыңдарға ұмтылып, ел болашағы мен білім саласына қосып келе жатқан үлесіңіз орасан зор! Артыңызда өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ өзіңізден үлгі өнеге алады. Сіз аграршы-экономист ғылымдардың мектебін құрдыңыз. 30 доктор, 66 ғылым кандидаты мен 10 РhDдоктор және магистранттар тәрбиелеп шықтыңыз. Сонымен қатар, өзіңіз жетекшілік етіп отырған республикамыздағы бетке ұстар білім беру мекемесі–Қазақ ұлттық аграрлық университетіндемамандар даярлаудың үш деңгейін (бакалавр – магистр – доктор PhD) енгіздіңіз.

Сонымен қатар, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, А. Г. Неболсин атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреатыатағына ие болдыңыз. Қазақстанда және алыс-жақын шетелдерде жарияланған 300-ден аса ғылыми еңбектер мен 12 монографияның, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грифімен шыққан 5 оқулық пен 5 оқу құралы, 15 ғылыми-тәжірбиелік ұсыныстар, 12 авторлық куәліктер мен патенттердің авторы атандыңыз.

Жеткен жетістіктеріңіздің бәрін – еңбегіңіздің жанғаны, мақсаттарыңыздың орындалғаны деп білеміз.

ҚұрметтіТілектес Исабайұлы! Сіз артта келе жатқан буынға теңдессіз үлгі көрсетіп келе жатқан тұлғалардың бірісіз. Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Ел үшін жасап келе жатқан еңбектеріңіз әрдайым елеулі, табысты бола берсін!

Құрметпен,

Қауымдастық президенті                                                 Р. Алшанов 

Ілгері