• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Карагандинский государственный университет имени Е.А. Букетова с юбилеем!

2 наурыз 2012

Құрметті Еркін Қынаятұлы!

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 40 жылдық мерей тойымен Сізді және осы оқу орынында жас маман дайындауда талмай еңбек етіп келе жатқан ғалым ұстаздар мен университет ұжымын шын жүректен құттықтайды!
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті–білім және ғылым мен мәдениеттің орталығы, Республикамыздағы үлкен жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Университет мемлекеттік аттестация мен аккредитациядан өткен, қазіргі заман талаптарына сай ірі оқу орны және аймақтағы білім мен ғылымның, тәрбие мен мәдениеттің негізгі орталығы болып отыр. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ басқа қазақстандық мемлекеттік ЖОО арасында алғашқылардың қатарында экономика саласы бойынша дайындық жүргізуге арнайы халықаралық аккредитацияны өтіп, білім сапасының халықаралық стандарттарына сай кредитсағат инновациялық білім үлгісін енгізді, сондай ақ жоғары оқу орнына дейінгі, көп деңгейлі бакалавр, жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және докторантура) дайындықтарды қамтитын көпсалалы білім жүйесіне көшті.
Қазіргі уақытта бакалавр дайындау шеңберінде 72 мамандық бойынша 13 мыңнан астам, сонымен қатар магистратурада — 43 және докторантурада 6 мамандық бойынша жоғары білікті кадрларды дайындау жүзеге асырылып жатыр.
Университеттің материалдық-техникалық базасы аймақтағы негізгі білім беру орталығы рөліне толық сәйкес келеді.
Осы және басқа да оқу процесіне қатысты көрсеткіштер бойынша университеттің алдыңғы қатардан көрінуі – оның іргелі оқу орнына айналғандығы, халық алдындағы беделінің биіктігі.
Құрметті ұстаздар! Сіздердің бүкіл еліміз үшін, қазақ халқы үшін атқарып жатқан қызметтеріңіздің ауқымы ұланғайыр, шексіз. Табысты еңбектеріңіздің жемісі мен игілігін бүкіл халқымыз көретіні анық. Сіздердің ұлағатты еңбектеріңізге үлкен табыс, парасатты игі нәтиже тілейміз! Оқу ордасының шоқтығы биік бола берсін.

Құрметпен,
Қауымдастық президенті Р.Алшанов

 

Ілгері