• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қылышбай Алдабергенұлы ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

12 қыркүйек 2011

Құрметті Қылышбай Алдабергенұлы!

Қазақстан жоғары оқу орындарының қауымдастығы Сізді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды.

Республикамыздағы іргелі оқу-білім ордасына басшы болып тағайындалуыңыз біліктілік пен жемісті еңбегіңіздің нәтижесі деп білеміз. Университет ұжымы Сіздің басшылығыңызбен түрлі белестерді бағындырып және үлкен жетістіктерге жететініне айрықша сенімдіміз.

Ұстаздық ету – халыққа қызмет ету, өте абыройлы іс. Осы тұрғыдан өзіңізге шығармашылық табыс тілейміз, университет үлкен беделге ие болып, істеген істеріңіз әрқашанда биіктен көріне берсін.

Денсаулығыңыз зор, отбасыңыз аман болсын.

Ілгері