• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Сихымбаев Серік Жолдасбекұлын 50 жасқа толған мерей тойымен құттықтаймыз!

28 маусым 2011

Аса қадірлі Серік Жолдасбекұлы!

Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығы Сізді 50 жылдық мерей тойыңызбен жоғары оқу орындарының және осы салада талмай еңбек етіп жүрген ғалымдардың, ұстаздардың атынан шын жүректен құттықтайды!

1978 жылы  Жамбыл облысы Жаңатас қаласында құрылыс-өңдеу басқармасында еңбек жолыңызды бастадыңыз.

1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының   Қаратаудағы филиалын тәмамдап, инженер-құрылысшы мамандығын иелендіңіз.

Мәскеу  мемлекеттік құрылыс университетінің аспирантурасында оқып, 1995 жылы кандидаттық диссертацияңызды  сәтті қорғадыңыз.

2001 жылы Алматыға келген соң Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясына аға оқытушы болып орналасып, 2008 жылдан осы академияның вице-президенті болып тағайындалдыңыз. Ал 2010 жылдан «Халықаралық білім беру корпорациясының» президенті болдыңыз.

45-тен астам ғылыми-әдістемлік еңбектеріңіз жарияланған. Сіз студенттердің әлеуметтік жағдайына үлкен көңіл бөліп келесіз, соның бірі жағдайы төмен отбасы балаларына арналған спонсорлық  грантын бөлуіңізде көрініс беріп отыр. Сонымен қатар, корпорация атынан дарынды студенттерге «Scholarships» атты әлеуметік стипендия тағайындалған. Оқу орнында бұл стипендияны алатын студенттер қатары жылдан-жылға көбейіп келеді.

 Оқу орны болашақ мамандарға сапалы білім беру үшін соңғы талапқа сай материалдық базамен қамтылған.

Сіз өзіңіздің 30 жылдық еңбек жолыңызда құрылыс саласының дамуына және инженер мамандарын дайындауға елеулі үлес қостыңыз. Мамандарды дайындаудағы нәтижелі еңбегіңіз үшін «Қазақстан республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» және құрылыс Ассоциациясының құрмет грамоталарымен марапатталдыңыз.  

Осының бәрі еңбегіңіздің жанғаны, өз салаңызда биіктен көрінгеніңіз деп білеміз.

Құрметті Серік Жолдасбекұлы! Сіз өзіңізден кейінгі талай буынға өнеге көрсетіп, үлгі болып жүрген азаматсыз. Қадірлі әкесіз. Сізге зор денсаулық, бақыт тілейміз. Халқыңызға жасаған еңбектеріңіз әрдайым елеулі, жемісті бола берсін!

Ілгері