• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

2014 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне арналған IХ республикалық конференциясы өтті

12 мамыр 2014

2014 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-де Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің Мәжіліс залында Қазақстан Жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне арналған IХ Республикалық конференция өтті. Конференция ҚР Жоғары оқу орындары Қауымдастығы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын конференциялардың мақсаты жоғары оқу орындарына арналған кітап өнімдерін ғылыми тұрғыда сараптан өткізіп, дайындау, аудару, басып шығару мәселелерін ортаға салу.

Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылға арналған Тақырыптық жоспары аясында базалық оқулықтар шығару мен шетелдік оқулықтарды мемлекеттік тілге аударылу ісінің орындалу барысы;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы Тақырыптық жоспары аясында базалық оқулықтар шығару мен шетелдік оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару жайы мен жоспарды жүзеге асыру мәселелері;
  • Оқулық авторлары мен баспа ісін ұйымдастырушыларды марапаттау.


Конференция жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің  депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ЖОО-лардың ректорлары мен ғалымдары,  ЖОО кітапханалары директорлары, баспагерлер, оқу-әдістемелік бөлімдердің мамандары, жаңа шыққан отандық және шетелдік оқулықтардың авторлары мен авторлық ұжымдар, аудармашылар, жалпы зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция барысында тақырыптық баяндамалар жасалып, талқылаулар өтті.

Бағдарлама
Баспасөз мәлімдемесі

Ілгері Көрушілер саны: 1507