• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

2014 жылдың 14 наурыз Халықаралық жастар лагерін ұйымдастыру мәселелеріне арналған практикалық семинар өтті

19 наурыз 2014

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Экология және орнықты даму институты және «Балхаш Нұр» ЖШС-і 2014 жылдың 14 наурыз күні, сағат 15.00-де Тұран университетінің Мәжіліс залында алдағы жазғы маусымда Балқаш көлінің солтүстік-батыс жағалауында орналасқан «Балқаш-Нұрсая» компаниясына қарасты демалыс кешенінде студенттер үшін Халықаралық жастар лагерін ұйымдастыру мәселелеріне арналған практикалық семинар өткізді.

Конференция жұмысына Алматы қаласы әкімдігінің Білім басқармасы мен қалалық жастар саясаты басқармасының, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы өкілдері, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі проректорлары, кафедра меңгерушілері мен студенттері, Жастар ұйымдарының мүшелері, туризм саласының мамандары қатысты.

Жазғы лагерь барысында барлық оқу-өндірістік тәжірибе мен демалыс-сауықтыру бағдарламаларын студент жастардың өздері тиісінше белгілеп, жоспарлай алады. Студенттердің әрқайсысы өздерінің болашақ мамандықтарына сәйкес арнайы зерттеу жұмыстарымен айналысып, түрлі тренингтер мен шеберлік сыныптарын және мәдени-көпшілік шараларды өздері ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Мысалы, туризм саласы бойынша білім алатын студенттерге демалыс кешенінде тәжірибеден өтіп, жазғы лагерь өтетін аумақта арнайы бағыттармен саяхат ұйымдастыруына мүмкіндік беріледі. Биотехнология мамандығын игеріп жатқан студенттер демалыс аймағындағы қоршаған орта мен тағам сапасына зерттеулер жүргізе алады. Болашақ журналистер болса, туризмді насихаттау бағытындағы имидждік материалдар мен жарнамалық жобаларды әзірлей алады.

Жастардың жазғы лагерін ұйымдастырудың басты мақсаттары:

  • Студенттердің білімін жетілдіру;
  • Оқу-өндірістік тәжірибе алмасу;
  • Жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу;
  • Республикамыздың ішкі және сыртқы туризімін насихаттау;
  • Этноауылдарды жаңғырту;
  • Жастардың интеллектуалдылығын арттыру;
  • ЖОО-лар арасындағы тығыз қарым-қатынастарды дамыту;
  • Ғылыми зерттеулер мен өндірістің өзара байланысын жақсарту;
  • Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастыру;
  • Ізденуші жастардың инновациялық идеяларына қолдау көрсету;

2014 жылдың маусым-қараша айлары аралығына белгіленген жазғы лагерь жұмысының әрқайсысы шамамен 10 күнді қамтитын 12 маусымға бөлінген. Жазғы лагерге сондай-ақ Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Венгрия, Қырғызтан, Өзбекстан, Беларусь сынды өзге де елдердің жоғары оқу орындарынан студент жастар шақырылмақ.

Ілгері Көрушілер саны: 1238