• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстан Жоғары оқу орындарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне арналған VIII республикалық конференциясы

21 қараша 2013

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарын оқулықпен қамтамасыз ету сұрағы бойынша өткізілетін іс шара биыл да өз жалғасын тапты. Еліміздің білім және ғылым саласында аса маңзы конференцияда айтулы азаматтар бой көрсетті. Оның ішінде Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрі М. Қ. Орынханов, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығының президенті Р. А. Алшанов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен қызметкерлері, жарық көрген оқулықтардың авторлары, жоғары оқу орындарының ғылыми кітапханаларының директорлары, жоғары оқу орындарының  РОӘК және ОӘС қауымы, шет ел авторларының оқулығын аударатын аудармашылар, электронды кітаптың нұсқасын жасау және өңдеу бойынша мамандар және сонымен қатар БАҚ  өкілдері қатысты. 

 Күн тәртібінде клесідей сұрақтар қаралып мынадай мәселелер талқыланды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тематикалық жоспар негізінде шығарған оқулықтар бойынша жалпы жұмыс қорытындысы;

2013 жылға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің базалық оқулықтар басып шығару, шет ел  әдебиеттерін мемлкеттік тілге аудару және жоғары оқу орындарының кітаппен қамтамасыз ету бойынша тематикалық жоспар; 

Бүгінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздегі жоғары оқу орындарын қазақ тіліндегі базалық оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша үкімет тарапынан қолдау жұмыстарын бастады.

Жыл сайын республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын базалық оқулықтармен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі таңда базалық оқулықтар  басып шығаруға және шет елдің үздік авторларының белгілі басылымдарын аударуға мүмкіндік туды. Бұл техникалық, ғылыми және экономикалық бағыттардағы базалық оқулықтарды қажет көлемде басуға болады деген сөз.  Мемлекттік тапсырысты орындау барысында  Қазақстан републикасы жоғары оқу орындарының  авторлары да ат салысып қатысады.

Аталған бағдарлама бойынша шыққан оқулықтар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына таратылады. Сонымен қатар, оқулықтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасы Орталық ғылыми кітапханасы, Ұлттық Инженерия академиясының кітапханасы және т.б. мекемелеріне беріліп отыр.

Бұл жылы мемлекеттік тапсырысты орындау үшін 18 жоғары оқу орнынан 84 автор, оның ішінде 22-сі авторлық ұжым. Сонымен бірге, 13 жоғары оқу орнынын 13 аудармашы қатысты. Енді 50 базалық оқулық басып шығару көзделіп отыр, оның ішінде 26-сы шет ел авторларының таңдалған үздік оқулықтары екенін айта кеткен жөн.

Мемлекеттік тілге АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей және т.б.  авторларының оқулықтары аударылатын болады.  Олар: ақпараттық технологиялар, биотехнология, химия, матемаитка, биоогия, геотехнология, машина жасау және т.б.  салалр бойынша аударылатын оқулықтар.

Конференция барысында Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары басып шығарған оқулықтары көрмеге қойылды.  Маңызды іс шараға қатысқан адамдардың саны 300-ге жуық болды.

Ілгері Көрушілер саны: 706