• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Баспасөз хабарламасы

БАҚ басшыларына!

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы «Нұр-Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы, Алматы қалалық әкімшілігі және Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен бірігіп 2013 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған«Қазақ көтерілістері: ақтаңдақтардан ақиқатқа»  атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция жұмысына белгілі тарихшылар, қаламгерлер,жоғары оқу орындарының ғалымдары мен студенттері,Желтоқсан ұйымдарының өкілдері, мектеп пен колледж ұстаздары, жас ізденушілер,және БАҚ өкілдері қатысады.

Аталған конференцияда осы уақытқа дейін қоғамға белгісіз болып келген, әлі де зерделі зерттеуді қажет ететін ұлт-азаттық көтерілістер туралы келелі мәселелер қозағалып, тарихшы ғалымдардың баяндамалары тыңдалмақ.

Бүгінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың тікелей басшылығымен  төл тарихымызды жаңаша көзқараспен зерделеу қолға алынуда. Бұл ретте тарих ғылымына ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр.

Қазақ даласында еркіндік үшін болып өткен көтерілістер уақыт өткен сайын мәңгі ел есінде сақталып келе жатыр. Оның ішінде Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы сынды қолбасшылардан бастап Желтоқсан оқиғасына дейін қатысқан жастардың ерліктері тарих бетінде алтын әріптермен жазылып қалды. Үлкен рух пен намыстан жанданған ұлт-азаттық көтерілістердің тарихи тамыры тереңнен басталатыны анық. Оның ішінде әлі де қоғамға ақтаңдақ беттері ашылмай келе жатқан тарих шындықтары көп.

Осыған орай, Сізді конференцияға қатысуға шақыра отырып, аталған жиынға ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймын.

Конференцияның өтетін орны:

Алматы қ., Сәтпаев көшесі 16-18, а, «Тұран» университетінің мәжіліс залы.

Басталуы: сағ. 10.00-де