Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы
Қазан (Еділ бойы) Федералды Университеті
«БІЛІМ БЕРУ ИННОВАЦИЯЛАРЫ:
ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР»
ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазан (Еділ бойы) Федералды университетімен біріге 2016 жылғы 26-27 мамырында «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІІ-ші халықаралық конференциясын өткізеді.
Конференция мақсаты: білім берудегі инновация мәселелері бойынша зерттеушілер мен практиктердің диалогын өткізуге арналған халықаралық форум құру.
№ 1 дөңгелек үстел
Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық шешімдер.
Өзекті алаң: Өмір бойғы білім және тұрақты даму контексінде білім беру деңгейлері арасындағы (мектепалды даярлықтан ЖОО-ға дейін) инновациялардың сабақтастығы. Білім беру жүйесінің жаңарту жағдайларында педагогтерді кәсіби даярлау мәселелері. Педагогтер мен білім саласындағы менеджерлердің инновациялық қызметінің мәселелері.
№ 2 дөңгелек үстел
Тақырыбы: Инклюзивті білім: мәселелері, перспективалары, шешімдері.
Өзекті алаң: Инклюзивті білімнің теориясы мен практикасы. Инклюзивті білімнің салыстырмалы аспектісі, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар мен жастарды оқу-тәрбие ортасына кіріктіру саласындағы үздік тәжірибе. Қазақстанда және Ресейде инклюзивтік білім беру өзектілендірудің әлеуметтік-педагогикалық факторлары.
№ 3 дөңгелек үстел
Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы үштілділік: шындығы және перспективалары.
Өзекті алаң: Үштілді білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз ету. Үштілді білім беруді енгізудің экономикалық аспектілері. Үштілді білім беруді енгізудің құқықтық аспектілері. Үштілді білім беруді енгізу жағдайының мониторингі. Үштілді білім беруді енгізудің тілдік аспектілері. Үштілді білім беру жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету.
№ 4 дөңгелек үстел
Тақырыбы: Дәстүр мен инновация интеграциясы
Өзекті алаң: Этнопедагогикалық тұжырымдамалар. Классикалық білім беру. Білім берудің ұлттық ерекшеліктері. Қазіргі қоғамдағы жаһандану және коммуникативті табиғат. Дәстүр мен инновацияның өзара әрекеттестік механизмдері.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар, Астана, Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының өкілдері, шетелдік білім беру ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, барлық деңгейдегі білім ұйымдарының жетекшілері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ЖОО профессорлары мен оқытушылары, колледж оқытушылары, барлық типтегі мектеп мұғалімдері және әдістемелік бірлестік жетекшілері, қоғамдық ұйымдар өкілдері шақырылады.