ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ «ӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫСТАР: ТАТУЛАСТЫҚ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ЖОЛДАРЫН ІЗДЕУ»

16 қараша 2015

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

«ӘЛЕУМЕТТІК ҚАҚТЫҒЫСТАР:

ТАТУЛАСТЫҚ ЖӘНЕ КЕЛІСІМ ЖОЛДАРЫН ІЗДЕУ»

 

Организаторы

 

«Тұран» университеті

ҚР жоғары оқу ор. ассоциациясы

Алматы қаласы әкімшілігі

 

 

Өткізілетін орны

Алматы қ., Қазақстан

«Тұран» университеті

Өткізілетін уақыты:

11 желтоқсан 2015 ж.

 

Конференция мақсаты: қазіргі заман қоғамындағы әлеуметтік қақтығыстармен байланысты мәселелер жиінтығын зерттеу және талқылау арқылы шешу жолдарын айқындау.  

Конференцияда төменгі бағыттарда өзекті мәселелерді қарастыру жоспарланады:

  • әлеуметтік қақтығыстардың табиғаты;
  • әлеуметтік қақтығыстарды шешу ерекшеліктері;
  • қазіргі заманғы әлеуметтік қақтығыстарды жіктеу;
  • заманауі құқықтық мемлекет және нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қақтығыстарды реттеу;
  • әлеуметтік қақтығыстарды қақпайлауда төзімділіктің орны;
  • ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісі;
  • көпұлтты қоғамда келісім және бірлікті қамтамасыз етуде Президент институтының рөлі;
  • діні қақтығыстардың генезисі;
  • ланкестіктің туындау себептері
  • ұлтаралық қатынастар және халықаралық қатынастар;

 

Конференцияға отандық және шет елдік ғалымдар, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ҚР және ТМБ мемлекеттері жоғары оқу орындарының магистрантары мен докторанттары қатысады.

 

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференция жұмысы нәтижиелері бойынша баяндамалар жинағы шығарылады. Конференция материалдары Ғаламторда «Тұран» университетінің сайтына шығатын болады.

Конференция жұмысына қатысу формалары: пленарлық мәжілісте баяндама жасау; секциялық мәжілісте баяндама жасау; конференция жұмысына баяндамасыз қатысу; конференция жұмысына қатыспай-ақ мақала жариялау.

 

МАҚАЛАНЫ (ТЕЗИСТЕРДІ) ДАЙЫНДАУДЫҢ ТӘРТІБІ

 

Баяндамалар қосымша басылған бір дана мәтінімен электронды түрде ұсынылуы керек. Мәтін  WINWORD XP немесе *. RTF (Reach text format) форматында терілуі керек.

Материалдар үшін – әріп Times New Roman, кегль 14, жоларалық интервал бірлік. Барлық шрифтар Windows XP (2000) операциялық жүйесімен толық сәйкес келуі керек.

Беттің сол жақ жоғары бөлігінде ӘОК жазылады.

Ары қарай беттің сол жақ жоғары бөлігінде  автордың аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі мен лауазымы жазылады. Беттің ортаңғы бөлігінде бас әріптермен материалдың атауы жазылады, ары қарай – кілт сөздер (10-12 сөз). Одан соң тасымалсыз, келесі өлшемдерді: сол жағынан – 30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғары жағынан – 15 мм, төменгі жағынан – 20 мм сақтай отырып басылған мәтін кетеді. Азат жол басындағы бос жер үшінші белгіден басталады. Мақалада Word-та орындалған 2 кесте мен 2 суретке (Word, біріктіру керек) ғана рұқсат беріледі. Формулаларды тек формулалар  редакторы (Microsoft Equation) қосымшасынан ғана алу керек.

Дәйексөздерге сілтемелер сөйлемнің соңында тік жақша ішіне бірінші әдебиеттер тізімі бойынша дерек көзінің номері көрсетіліп, сосын үтір қойылып, бет номері жазылады, нүкте сөйлемнің соңына тік жақшадан соң қойылады.  Әдебиеттер тізімінен соң қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқаша резюме (4-6 сөйлем), сонымен қатар мақала атауы үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) болуы тиіс; ТМД елдері мен алыс шет елдердің ғалымдары үшін – орыс және ағылшын тілдерінде.  

Мақала соңында аты-жөнін толық, мекен-жайын, телефондарын (қызметтік және/немесе үй) факс, электронды пошталарының номерін (e-mail) көрсетуді өтінеміз.

Баяндаманың негізгі мәтінінде қара жалпақ, курсивті және асты сызылған әріптер жіберілмейді. Белгілерді автоматты және мәжбүрлі тасымалдау, мәжбүрлі жолдар мен беттерді бөлу жіберілмейді.

 

Көлемі – машинамен басылған мәтінде 6 бетке дейін.

 

Жинаққа автордың өз түзетуімен түпнұсқадағы, бұрын еш жерде жарияланбаған мақалалар кіреді. 

Мақалалар талаптарға сәйкес рәсімделмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті оны баспаға жібермеуге құқылы.

Қатысу шарттары

Конференцияға қатысу үшін 2015 жыл 7 желтоқсанға дейін мақаланы қағазға басылған және электронды нұсқасында мына адреске жолдау керек: 050013,  Алматы қ., Сатпаев к-сі, 16-18, 18А, «Туран» университеті, 209 каб. немесе ұйымдастыру комитетінің электронды адресіне sayara11@mail.ru төмендегі материалдарды жіберу қажет: 

 

1.Талаптарға сәйкес жазылған мақала мәтіні.

2.Белгіленген формада жазылған автор туралы мәлімет (бланк қосылады).

3.Мақаланы жинаққа қосуға төлеу туралы квитанцияның скан-көшірмесі (немесе анық сандық фотосурет)

 

Материалдар рецензияланбайды және қайта қайтарылмайды. Мақала төлемі расталғаннан соң жинаққа енгізіледі. Конференция тақырыбына және жасалу тәртібіне сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды.

Тіркеу жарнасы конференция материалдары жинағының бір данасын алуға 3000 теңге (Қазақстан Республикасы ғалымдарына мақала жеткізілмейді) немесе 15 АҚШ доллары (конференция материалын ТМД елдері және алыс шетелдерде көрсетілген мекен-жайға жіберуді есептегенде). ТМД елдері және алыс шетелдік ғылым докторларының тезистері тегін жарияланады (конференция материалы электронды нұсқада e-mail арқылы беріледі).

Бір қатысушы екі мақаладан артық мақала (тезис) жариялай алмайды. Бір автор (немесе авторлар ұжымы) екі мақала жариялаған жағдайда тіркеу жарнасы әр мақалаға (тезиске) бөлек төленеді. Соңынан материалдардың толық екі нұсқасы екі файлда жіберіледі.

Тіркеу жарнасы қолма-қол немесе пошта арқылы С.К.Калпетходжаеваның атына мына мекен-жайға жіберіледі: Алматы қаласы 050013, Сәтпаев көшесі, 16-18, 18а, «Тұран» университеті, 607 каб. Анықтама телефондары: 8(727)260-40-00 (ішкі 733), 260-40-29.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы: Алшанов Рахман Алшанович, «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор.

 

Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары:

Айтишев Бекболат Шакирбекович, атқарушы директор

Е-mail: b.aitishev@edurk.kz.  Телефоны:    8/727/262-14-28, 87077282228

Исламгулова Светлана Константиновна, «Тұран» университетінің ғылым және аккредитация жөніндегі проректоры, п.ғ.д., 405 каб, тел.: (8727) 260-40-05, e-mail: svet_islam@mail.ru

Герасимова Наталья Сергеевна, «Тұран» университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, E-mail: gerasimova.ns@mail.ru. Телефоны: 8/727/2604006, 87028394477

 

Жауапты орындаушы: Калпетходжаева Сайяра Каджимухаметовна, «аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі.

E-mail: sayara11@mail.ru.  Телефоны: 8(727)260–40–29 (вн. 733), 87017436109

 

  • Жинақ авторын тіркеу формасы

Авторлар

Бірінші

Екінші

Үшінші

Аты-жөні (толығымен)

 

 

 

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

 

 

Мекеменің атауы (толығымен)

 

 

 

e-mail, үй және қызмет телефоны (қала кодымен бірге)

 

 

 

Мекеме мекен-жайы

 

 

 

Мақала тақырыбы

 

Бағыты

 

Жинақты жіберу үшін мақала авторларының бірінің мекен-жайы (пошта индексімен бірге)

 

 

 

 

Қызығушылық білдірген адамдарға таратуларыңызды сұраймыз

 

ҚҰРМЕТПЕН

 ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Ілгері Көрушілер саны: 1186