Білікті де, белсенді жастардың назарына!
Егер сен өз мамандығың бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы ұйымдары мен мемлекеттік органдарында тағылымдамадан өтіп, ұмытылмас тәжірибе алғың келсе, онда «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасы сен үшін! Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!
Ағымдағы жылдың 31-шілдесіне дейін «Сәтті қадам» жобасына қатысам деушілерге құжаттарды қабылдаудың жаңа кезеңі өтеді. Тағылымдамадан өтуге болатын ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардың тізімі артып, бүгінде еліміз бойынша 240, ал Алматы қаласы бойынша 30.
Алматы қаласы бойынша жобаға қатысу үшін үміткер өз түйіндемесін, жеке анықтамасын, диплом және оның көшірмесін; Алматы қаласы, Абылайхан көшесі, 79, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ғимараты, №304 кеңсеге әкелуі тиіс, немесе almaty@zhasotan.kz, agf.zhasotan@mail.ru. электронды почталары арқылы жіберуге болады.
Қосымша ақпаратты: www.zhasotan.kz сайты немесе 8727-225-49-01 телефондары арқылы біле алады.
Егер сен білікті маман болғың келсе, онда «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысып өз бағыңды сынап көр.
Жоба 2008 жылдан «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ І Съезінде Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастар қатарынан мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес саласы және қоғамдық-саяси қызмет үшін заманауи және тиімді басқарушылардың жаңа генерациясын қалыптастыру тапсырмасына сәйкес іске асырылып келеді.
Жоба мақсаттары:
· басқарушы кадрларды анықтау, іріктеу, даярлау және оқыту;
· жас қазақстандықтардың кәсіби өсуі үшін жаңа білім көздерін игеру және өзін-өзі кемелдендіру арқылы қажетті жағдайлар жасау;
· алдыңғы қатарлы оқыту технологияларына негізделген кадрлық резервті даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Жобаға еліміздегі – жасы 29-ға дейінгі студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері, студенттер мен жастар ұйымдарының жетекшілері, сонымен қатар жұмыс тәжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық қабілеті айқын, көшбасшылық қасиеттеріне ие жастар қатыса алады.
Қатысушылар жобаға www.rezerv.kz сайты арқылы а.ж. 31 шілдесіне дейін тіркеле алады.
Қосымша ақпарат үшін: Республика бойынша www.zhasotan.kz + /7172/ 707-649, Алматы қаласы бойынша + /727/ 254-901
«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жқ Алматы қалалық филиалы