«ДЕРБЕС МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ҒАЛАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ» II Халықаралық конференция.....

19 ақпан 2015

«ДЕРБЕС МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ҒАЛАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ»

II Халықаралық конференция

13-14 мамыр 2015 ж.

Құрметті әріптестер!

Өмір туралы ғылымдар орталығы Сізге өзінің айрықша құрметін білдіре отырып, «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты II Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2015 жылдың 13-14 мамыр күндері Астана қаласында өтеді. Конференцияға Австрия, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Италия, Корея, Ресей Федерациясы, АҚШ, Украина, Франция және Жапонияның жетекші университеттерінің танымал ғалымдары, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтардың және мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру мен денсаулықты сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады.

 

Біз «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты ІІ Халықаралық  ғылыми конференциясын өткізу мақсаты ретінде көптеген отандық және шетел ғылыми-зерттеу топтар арасында сұхбат пен интеграциялау алаңың құру және геномдық және дербес медицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы заманауи инновациялық жетістіктерді талқылауды көздеп отырмыз. Аталмыш конференция биомедицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, мульти-омикалық технологиялар, биоинформатика мен жүйелі биология жетістіктерін практикалық медицинада қолданысын кеңейтуге шақырады. 

Ақпараттық хат

Ілгері Көрушілер саны: 1109