• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

«Қазақ көтерілістері» энциклопедиясы жарық көрді!

23 қаңтар 2015

Құрметті әріптестер! 

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының қауымдастығы, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Қазақ энциклопедиясы» баспасымен бірлесе отырып көлемді «Қазақ көтерілістері» атты энциклопедия басып шығарды. Аталмыш энциклопедия мазмұнында қазақ даласында болған барлық ұлт-азаттық көтерілістердің тарихы барынша толық қамтылған. Оның ішінде Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық қозғалыстардан кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін болып өткен көтерілістердің барлығы кеңінен баяндалады.

Жинақта 18-20 ғасырлардағы қазақ даласын дүбірлеткен көтерілістер мен ұлт-азаттық қозғалыстарының қайнар көзі, дәуірлері, себептері мен салдарлары, қатысушылардың құрамы, көздеген мақсат-мұраты, бүгінгі тәуелсіздік идеясымен үндестігі дәйектелген. Сонымен қатар, бұрын-соңды беймәлім болып келген деректер мен құжаттар, тарихтың ақтаңдақ беттері ғылыми айналымға түсіп жинақта жарық көрді. Жалпы, жинақта 50-ден астам автордың 870-ке жуық мақаласы берілген.

Бұл жинақтың бір данасының бағасы 3217 теңгені құрайды. «Қазақ көтерілістері» энциклопедиясына мына мекен-жай арқылы тапсырыс берулеріңізге болады: e-mail: gulnara_avrk@list.ru . Сонымен қатар, 262-14-28, 262-14-42 телефон номерлеріне хабарлассаңыздар болады!

Құрметпен,
Қауымдастық президенті Р. А. Алшанов

Ілгері Көрушілер саны: 984