«ХХІ ғасырдағы инженерлік білім және ғылым: проблемалары мен келешегі» Халықаралық форум, Алматы қ., Қазақстан, 2014 жылғы 22-23 қазанда

12 қыркүйек 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 2014 жылы 22-23 қазанда Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен университеттің 80 жылдығына орай «ХХІ ғасырдағы инженерлік білім және ғылым: проблемалары мен келешегі» атты Халықаралық форум өткізеді.

Форум әлемдік және жалпыұлттық пікір алысу, өзара байланыс орнату, көрме ұйымдастыру, сондай-ақ инвестициялық, серіктестік және ақпараттық алаң ұстанымдары негізінде өтеді.
Форумның мақсаты - «Қазақстан – 2050» Стратегиясының және Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру аясында ХХІ ғасырда заманауи инженерлік білім мен ғылымды дамыту бойынша тұжырымдамалық көзқарастарды қалыптастыру.

Форум пленарлық баяндамалар және секциялық мәжілістер түрінде мына бағыттар бойынша өткізіледі:

  • Өндірістің мұнай-газ және таукен-металлургия салалары:инженер кадрларын дайындау және инновациялар;
  • Ақпараттық, телекоммуникациялық, нано- және ғарыштық технологиялар салаларына инженер кадрларын дайындау және инновациялар;
  • Агломерация, көлік, дәстүрлі және альтернативті энергетика -инфрақұрылымдық үштағанына инженер кадрларын дауындау және инновациялар.

Пленарлық баяндамалар мен секция отырыстарында Қазақстан экономикасының жетістіктері аталып өтіп, ХХІ ғасырдағы инженерлік білім мен инновацияларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті инженер кадрларды даярлау және ХХІ ғасырдағы «Табиғат ресурстарының таусылуы», «Су тапшылығы», «Үшінші индустриялық төңкеріс», «Жаһандық энергетикалық қауіпсіздік» сияқты жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру аясында өндірістік мұнай-газ және тау-кен-металлургия, ақпараттақ және телекоммуникациялық технологиялар секторларына, нано- және ғарыштық технологиялар, агломерация, көлік, дәстүрлі және альтернативті энергетикаға бағытталған инновацияларды іске асыру және Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындау мәселелері талқыланатын болады. Бұл мәселелерді жаңа Бірыңғай экономикалық одақ елдерінде, сондай-ақ әлемдік масшатбата шешудің жалпы тұжырымдамалық әдіс-амалдары анықталады.

Форум Бағдарламасында өндірістік кәсіпорындарда инженер кадрлардың қаншалықты сұранысқа ие екендігін сараптау және инновациялық зерттемелерді анықтау, сондай-ақ әлеуетті инвесторлармен келісім-шартқа отыру алаңы болып табылатын Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың білім беру және инновациялық әлеуеті, өнеркәсіптік кәсіпорындарының көрмесі ерекше маңызға ие болмақ.

Форум Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенат депутаттары, министрліктер мен ведомсталардың басшылары, Алматы қаласы әкімшілігінің, республикалық және шетелдік Ұлттық ғылым академиялары өкілдерінің, ұлттық және шетел ЖОО ректорларының, педагогтары мен ғалымдарының, сондай-ақ компаниялар мен өндірістік кәсіпорындар, корпорациялардың өкілдері қатысумен өткізіледі.
Форум алдына қойған маңызды міндеттерді қабылдай отырып, оның жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз.

Форум туралы нақты ақпараттарды www.kazntu.kz сайтынан алуға болады.
Форумға қатысу үшін www.conference.kazntu.kz сайтында тіркелуді және баяндамаларды келесі электронды поштаға conference@ntu.kz жіберуді сұраймыз.

Негізгі даталар

15 қыркүйек 2014 ж. - тіркеу және баяндамаларды қабылдауның соңғы күні
22 қазан 2014 ж. - Халықаралық Форумның ашылуы (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры ғимараты, конференцзалы), Пленарлық отырыс, Марапаттау, Секция отырыстары (ҚазҰТУ, таукен-металлургия ғимараты, акт залы)
23 қазан 2014 ж. - Салтанатты жиналыс (Республика сарайы), Секция отырыстары, Халықаралық Форумның жабылуы, резолюция қабылдау (ҚазҰТУ, мұнай ғимараты, конференция залы)

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев, 22, Мұнай ғимараты, Ғылым және инновациялар департаменті.
Байланыс телефондары: 8 (727) 257-70-42.
Факс: +7(727)2926025.
Электронды адрес: conference@ntu.kz

Ақпараттық хабарландыру
Тұжырымдама
Тіркеу формасы

Ілгері Көрушілер саны: 1083