2011 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласының әкімшілігі, Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуына арналған «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қалалық әкімшілігі, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы, Қазақстан республикасы жоғары оқу орындары, саяси ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар қатысты.
Дөңгелек үстел материалдары кітап болып басылып шығады. Осыған орай, жинақ кітапқа ендіру үшін дөңгелек үстел тақырыбына сай жазылған мақалаларды қабылдаймыз. Республикалық жоғары оқу орындарының оқытушы профессорлары өз еңбектерін avrk@mail.ru электрондық поштасына жібере алады. Қабылдау желтоқсанның отызына дейін жүреді.