Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!
Құрметті Гаухар Төремұратқызы!
Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.
Алдамбергенова Гаухар Төремұратқызы 1971 жылдың 20 тамыз күні Қызылорда облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтын «Ұлттық мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы аспирантураны бітірген соң, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде «Кәсіби қазақ тілін мәтіндер арқылы игерту жолдары» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал, 2009 жылы «Қазақ халық педагогикасында қыздарға моральдық-этикалық тәрбие беру негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының докторы дәрежесіне ие болды. Ал, 2011 жылы профессор атағын алды.











