• Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ СТУДЕНЧЕСКУЮ

    ИДЕНТИФИКАЦИОННУЮ КАРТУ»

  • Список вузов, которые внедрили

    «КАЗАХСТАНСКУЮ УНИВЕРСАЛЬНУЮ

    КАРТУ СОТРУДНИКА УЧЕБНОГО ЗАВЕДЕНИЯ»

  • Визит делегации руководителей ВУЗов в КНР 23-28 мая 2014

  • Заседание правления 24.01.2014

  • Визит делегации ректоров вузов Казахстана в Германию 1-5 декабря 2013 года

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Наметов Асқар Мырзахметұлын «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ-ның басқарма төрағасы-ректоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз!

24 ноября 2017

Құрметті Асқар Мырзахметұлы!

Білім-ғылым саласында атқарып жүрген орасан еңбегіңіз бен мол  тәжірибеңізді жаңа қызметіңізде де лайықты дәрежеде көрсетеді деп білеміз. Алға қойған мақсаттарыңызға табыс тілей отырып, Сіздің басшылығыңыздағы Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті бұдан да биік белестерді бағындыратынына кәміл сенеміз.

Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, қызметіңізге табыс тілейміз.

 

Наметов Асқар Мырзахметұлы

басқарма төрағасы-ректор, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, академик 

Білімі: жоғары - К.И. Скрябин атындағы Мәскеу Қызыл ту орденді ветеринарлық академиясы, 1985 ж.;

1988-1991 жж. - К.И. Скрябин атындағы Мәскеу Қызыл ту орденді ветеринарлық академиясының ветеринарлық хирургия кафедрасының аспирантурасында білім алды;

Жұмыс тәжірибесі:

1987-1988 жж. - Алматы зооветеринарлық институтының ауыл шаруашылық жануарлары анатомиясы кафедрасының ассистенті;

1992-1994 жж. - Алматы зооветеринарлық институтының хирургия және ветеринария негіздері кафедрасының ассистенті;

1994-1996 жж. - ветеринарлық хирургия кафедрасының доценті, Алматы зооветеринарлық институты деканының орынбасары;

1996-2000 жж. – Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің акушерлік іс және хирургия, жұқпалы емес аурулар кафедраларының доценті;

2000-2001 жж. - Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің оқу бөлімінің басшысы;

2001-2001 жж. - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректордың м.а.;

2001-2002 жж. - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринария және биотехнология оқу-ғылыми-өндірістік кешені жетекшісінің м.а.;

2002-2003 жж. - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ветеринария және мал шаруашылығы институтының директоры;

2003-2009 жж. - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің жанындағы ветеринарлық мамандықтар бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы;

2009-2015 жж. – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры;

14.09.2015 ж. – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның басқарма төрағасы;

24.11.2017 жылдан бастап «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ-ның басқарма төрағасы-ректоры.

Жарияланымдары: ҚР АШМ Ветеринария департаментімен бекітілген әдістемелік ұсыныстар мен 120-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, өндіріс пен ғылыми зертханаларда қолданылып жүрген 10 өнертабыстың патент иесі. Ол жоғары кәсіби және арнайы білім беру үшін ветеринариялық және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша 12 мемлекеттік стандарттарды, магистратура мен докторантураның мамандықтары бойынша 10 мемлекеттік стандартты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру пәндері бойынша 20 типтік оқу бағдарламалардың әзірлеушісі, ветеринарлық хирургия бойынша 3 оқу құралының және «Қазақстан Республикасының ветеринарлық заңнамасының» (3 томдық) авторларының бірі болып табылады.

Басты жетістіктері: Қостанай университетінде ЕС ЭразмусМундус бағдарламасы, MARCO и CASIA жобалары аясында білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығын дамытуға ерекше назар аудара отырып, алқалық басқару органдарының функцияларын кеңейту және олардың ашықтығы мен жариялылығын арттыру, білім алушылар мен жұмыс берушілерді басқаруға тарту арқылы корпоративтік басқару принциптері А.М. Наметовтың жетекшілігімен енгізілді. Университеттің білім беру сапасын қамтамасыз ету тұжырымдамасы әзірленді.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік даму бағдарламасын әзірлеуге қатысқан және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ-ның стратегиялық құжаттары, аграрлық ғылымды жаңғырту картасы А.М. Наметовтың жетекшілігімен әзірленді.

ҰАББО-ның тікелей қатысуымен екі жоғары оқу орнының (ҚазҰАУ, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ) қаржы-экономикалық негіздемесі мен инвестициялық ұсыныстары әзірленді, зертханаларды 2016 жылы 642,5 млн. және ағымдағы жылы 992 млн. теңгеге жабдықтау үшін индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландыру бойынша барлық жағымды қорытындылар алынды. Сондай-ақ университет базасында зерттеу университетін құруға қатысты мәселелерді қадағалап отырды.

АҚШ-та, Голландияда, Ұлыбританияда, Австрияда, Германияда, Финляндияда, Италияда, Испанияда, Польшада және т.б. ғылыми және өндірістік орталықтарда, университеттерде ғылыми жұмыстарды, оқу үрдісін кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру, білім берудегі менеджмент мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру сертификаттары бар.

Марапаттары:

2013 жыл –Жас ғалымдарды қолдау және шет елдерде тағылымдамалардан өтуге арналған Президент грантының иегері;

2005 жыл – «Ерен еңбегі үшін» медалі;

2011 жыл - «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;

2014 жыл – «Құрмет» ордені;

2016 жыл - «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі.

Вернуться на уровень выше