• Заседание правления 24.01.2014

  • Южно-Казахстанский университет
    имени Ауэзова

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ға қатысты алыпсатарлық жұмыстармен айналысатын алаяқтардан абай болуды өтінеді

2 маусым 2015

 

ҰБТ қарсаңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (ҚР БҒМ) әр түрлі аймақтардан түлектердің ата-аналарынан ҰБТ-да жоғары балл алу мақсатында ақша жинау жүргізілуде деген ақпарат келіп түсті. Жинастырылған қаражат ҚР БҒМ бақылаушыларына беріледі делінген.

Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрлігі аталмыш жасалып жатқан іс заңсыз іс-әрекет пен қылмыстық сот ісін жүргізетін мәселе болып келедіндігін ескертеді.

Осы қылмыстық схемаға қатысушылар пара алушылар ғана болмай, сонымен қатар пара берушілер қатарына кіреді, яғни алаяқтар, ата-аналардың атынан шығып, ақша алып, қолма-қол ақша сыйақыларды ұсынатындар қатарына кіреді. Заңсыз ақша жинау жөнінде ақпараттар фактілері келіп түскен жағдайда, мемлекет тарапынан олардың жойылуына барлық іс-шаралар қолданылатын болады, тіптен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен қарастырылады.

ҚР БҒМ барша мүдделі тараптарға заңсыз қаражат жинаған жағдайды көрген бойда құқық қорғау органдары мен министрлікке хабарлауды сұрайды.

2015 жылдан ҰБТ-ны жақсарту шаралы қолданылуда, яғни, тестілеу барысында әділ түрде тапсыруға ынталанып, сыбайлас жемқорлық схемасын, тыйым салынған заттарды пайдаланбау мақсатында, аттестаттарға ҰБТ нәтижесі бойынша ортаарифметикалық баға мен жылдық баға қойылады. Түлектердің адал бағалары ғана ҰБТ кезінде нөлдік нәтиже көрсетпеуіне және ағымдағы жылда жоғары оқу орындарына түспей қалуынан құтқарады. 

ҰБТ-ны үйлестіру және өткізу бойынша Қазақстан Республикасы штабының байланыс телефондары.

+7 (7172)74-23-72, + 7(7172) 74-22-57, + 7(7172) 74-23-69.

zakon.kz

Ілгері Көрушілер саны: 629